23 Шілде, 2020 Барлық аймақтар
Көрнекі сурет
5 шілдеден бастап карантин талаптарын бұзу бойынша 4,3 мың дерек анықталған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында айтылды.
Жиында Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.
Сондай-ақ Жедел штаб азаматтардың санитарлық және бетперде режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
– Біз өмірдің әр адам үшін қымбат – екендігіне және қайталанбайтындығына баса назар аудара отырып, қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін "маска көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады. Вируспен күрес барлық қазақстандықтарды "ортақ мақсат сезімімен" біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек. Осы жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік органдардың міндеттерінің бірі, – деп атап өтті Е.Тоғжанов.
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуларға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір