• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 10:52:23
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі egov.kz және 42500.enbek.kz-те 42 500 теңге мөлшеріндені төлем тағайындауға өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын хабарлады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге төлемнің автоматты түрде тағайындалғаны туралы sms-хабарлама жіберіліп басталды. Министрлік мәліметінше, 700 мың қазақстандыққа sms жіберілген.

Бірыңғай жиынтық төлеп, бірақ sms алмаған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ғана өтінім білдіре алады.

Бүгін, яғни 17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін төлемге өтінім қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеден басталады.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 20 шілдеден бастап қана өтінім білдіруі керек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір