• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 10:49:55
Алматы
+12°

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы және еңбек министрліктеріне 42 500 теңгені беру әдісін қайта қарауды ұсынды.

Оның айтуынша, 42 500 теңгені бала санына қарай беру қажет.

– Менде төлемді бала санына қарай беру бойынша ұсыныс болды. 42 500 теңгені алатын ересек адамда 3 немесе 5 бала болуы мүмкін. Менің білуімше, Ресей Федерациясы отбасыға арналған барлық көмекті бала санына қарап берді. Яғни олар әр балаға берілетін көмекті есептеді. Менің ойымша, бұл ақылға қонымды, – деді Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Кеше 42500 теңге әлеуметтік төлемге 17 шілдеден бастап өтінім беруге болатыны хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір