• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:31:44
Алматы
+12°

Полицейлер Түркістан облысында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. 

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кеткенін және бір адамның көз жұмғанын хабарлаған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтады.

Жүргізушісі мен оның көмекшісі "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобус көлігінің ақауын тексеріп тұрған. Осы уақытта "Газ-53" маркалы көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автобусты жанай соғып, одан кейін сол жерде тұрған жәбірленуші мен көлік жүргізушісін қаққан. Кейін оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен.

Автобустың жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алған. Оның көмекшісі оқиға орнында қайтыс болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, құтылмақ болғанын толық мойындады.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айыптұраққа қойылды. Қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір