• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 07:28:13
+12°

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкері бейнесінде үндеу айтқан әнші Талғат Кенжеболатовты (Кентал) не үшін ұстағанын түсіндірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

– Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса... Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз өлеміз, – деп видеоүндеу жолдады әнші.

Құқық қорғаушылар видео авторы әнші Талғат Кенжеболатов (Кентал) екенін анықтады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, видео халық арасында резонанс тдырған. Себебі әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оны шынымен де құқық қорғаушы деп ойлап қалыпты. 

– Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында әзіл үшін болса да мұндай үндеулер жасауға болмайды, әсіресе полиция формасын қолдануы орынсыз, – дейді полицейлер.

Әнші Кентал өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәселенің мән-жайын түсіндірді. 

– Үйіме екі полиция қызметкері мен қару асынған арнайы жасақтың екі өкілі келді. Мені ұстау хаттамасы болған жоқ. Соған қарамастан, полиция бөлімшесіне бару керек деді. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Бірақ жол-жөнекей адвокатыма хабар бердім, – дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір