07 Шілде, 2020 NEWS
Instagram парақшасынан алынды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов короновирус инфекциясынан жазылып шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
– Құрметті қостанайлықтар! Менің COVID-19-ға тапсырған анализім теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім.
Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын. Барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істеп жатқандары үшін алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!, – деп жазды өңір басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір