25 Маусым, 2020 NEWS
kamnedelmiass.ru
Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн қазақстандық уақытша жұмыссыз қалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
– Осы жылдың І тоқсан қорытындысында экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 миллион қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды. Карантиндік шараларды жеңілдету үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде басталды. Бұл кезең-кезеңімен жұмысқа оралуға мүмкіндік берді. Үкімет жұмыспен қамтуға көңіл бөліп, экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдап отырған шаралар осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз, – деді Біржан Нұрымбетов.
Ол осы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 млн 220 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында – 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында – 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша 364 мың адам жұмыспен қамтылады, – деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 224 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 62 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың, жастар практикасы бойынша 11 мың адам жұмыспен қамтылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір