• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:55:51
Алматы
+35°

Коронавируспен күресуші мобильдік топ құрылды.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтаудағы «Ясин» медициналық орталығының бас дәрігері Алтынгүл Көптілеуова мәлімдеді.

Қазіргі таңда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысындағы инфекциялық, провизорлық стационарларына үлкен жүк түсіп отыр. Осыған орай, барлық емханаларда мобильдік топ құрылды. Аталған топтың құрамында жалпы тәжірибелі дәрігер немесе терапевт дәрігерлері мен  медбикелер бар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мобильдік топтың мүшелері басқа артық жұмыстан босатылып, видео конференция арқылы науқастан келіп түскен шағымдар бойынша ғана жұмыс істейді. «Ясин» медициналық орталығында да мобильдік топ іске кірісіп кетті. Оның сall-орталығы 8775-922-2345. Бұл байланыс телефоны арқылы емханаға тіркеліп тұрған азаматтар видео арқылы кеңес алып, дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады.

-«Егер сіз бойыңыздан тұмау мен ОРВИ белгілерін байқасаңыз, дене қызуыңыз көтерілсе емхана жанындағы фильтрге хабарласа аласыз. Ол жерде дәрігер шағымдарыңыз бойынша сізді қабылдап, әрі қарай амбулаториялық немесе стационарлық ем шараларын ұсынады», - дейді брифинг спикері.

Алтынгүл Көптілеуованың айтуынша, тұрғындар тегін ПТР сынамасын 2 жағдайда ғана тапсыра алады:

  1. Егер бойыңыздан тұмау мен ОРВИ-дің нақты белгілері байқалса;
  2. КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болсаңыз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір