24 Маусым, 2020 Аймақтар
qamshy.kz
Ақтаудағы шақыртуларға тағы үш бригида шығарылды.
Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Айларбек Шыршықбаев мәлімдеді.
-«Бұрын күніне 480-500 күніне шақырту түсетін болса, бір мыңдай адам жедел-жәрдемге хабарласады. Облыс бойынша 45 бригада шығып отыр. Оның 15-і Ақтау қаласында. Тұрғындар тарапынан шақыртулардың 2-3 сағатқа дейін кешігуіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Мұның екі себебі бар. Бірінішісі, қазір коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты әлгі дерттің белгілері бар немесе жоқ түріне шалдықтым деп көптеген тұрғындар ойлайды. Осы ретте шақыртулар да күрт көбейіп отыр. 38-40 градусқа дене қызуы жоғарылап, ентігуі бар, бірақ зертханалық сараптамалары белгісіз адамдарды провизорлық бөлімшеге алып келгенде кептеліс пайда болуда. Өйткені, әр науқасты қабылдау, оның анкетасын жазу 30-45 минут уақыт алады. Кешегі түннің өзінде Ақтауда жедел-жәрдем көліктеріне 90 шақыртуға кешігіп барды» - дейді Айларбек Елтайұлы.
Бұған себеп - провизорлық бөлімшеде орын болмауында. Осыған байланысты 2-3 бригада науқастарды қабылдауын күтіп, бөлімше алдында тұрып қалған.
Екінші жағдайға коронавирусқа шалдыққан адамды аурухаға жеткізуден соң әрбір жедел-жәрдем көлігі міндетті түрде дезинфекциялау, тазалаудан өтеді. Бұл ретте де кемі бір сағаттай уақыт қажет.
Осыны ескерген облыстық станция басшылығы бүгіннен бастап тағы үш бригаданы шақырту түскен жерлерге жіберуге шешім қабылдап отыр. Ендігі кезекте Ақтау қаласында бұрынғыдай 15 емес, 18 жедел-жәрдем бригадасы кезекке шығарылады.
-«Әкімшілікке үлкен рахмет. Бізге үлкен Хайс көлігін беріп отыр. ендігі кезекте барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бригадаларды шақыртуларға кешіктірмейміз деген ойдамыз. Әр көлікте фельдшер, дәрігер жәгне көлік жүргізушіден есептегенде, тәулігіне 150-дей қызметкер облыс бойынша шақыртуларға барып жатыр. Ақтаудағы облыстық станцияда диспетчерлік қызметіміз бар. Ол жерде 12 адам күндіз-түні жұмыс істеп отыр» - дейді спикер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір