• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:43:39
Алматы
+12°

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Ол дене қызуының көтерілуіне байланысты тест тапсырған еді. Тест оң нәтиже көрсетті" делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар онымен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. Облыс әкімдігінің барлық қызметкерлері КВИ сынамаларын тапсырды. 

Қазіргі уақытта Павлодарда вирус жұқтырғандар 59-ға жетті. 

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жалпы коронавирус індетін жұқтырғандар – 15 192. Оның ішінде емделіп шыққаны – 9388, қайтыс болғандар – 81.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір