• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:00:25
Алматы
+12°
2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы 93,9 млрд теңгеге көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Мамыр айында жәрдемақының бұл түрін 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 млрд теңгеге алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент баласы бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады. Төлем мөлшері 44 532 мың теңгеден (4 бала) 77 951 мың теңгеге дейін (7 бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде болады.

Осылайша, бүгінгі таңда тиісті жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Тиісті заңға мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 – 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.

Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері ол тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома ағымдағы жылдың шілде айында аударылады.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд.  теңге қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір