• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:26:38
Алматы
+12°

15 Маусым, 2020 NEWS

Wi-Fi желісінің қаупі қандай?

"Хакерлердің құрбаны болғаныңызды түсіну қиын"

Көрнекі сурет

"Цифровые платформы" автоном коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында адамға Wi-Fi желісінің қаупі бар екенін айтты. 

Сарапшының сөзінше, Wi-Fi роутерге зиянды бағдарламалар немесе қосымшаларды жүктеуге болады. Осылайша, хакерлер сайтты айырбастап, жеке мәліметтерді және логинді, парольді оқи алады.

Сондай-ақ хакер роутер-гаджеттегі белгілі бір контентті іске қоса алады. Мысалы, интернеттегі парақшаны мемлекеттік қызметтер немесе кез келген басқа сайтқа ауыстыруға болады. Пайдаланушы осындай сайтқа өз дербес деректерін енгізген сәтте оның жеке мәліметтері хакердің қолына түседі.

– Хакерлердің құрбаны болғаныңызды түсіну қиын. Себебі, олардың №1 міндеті – барлығын құпияда ұстау. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарынан хакерлердің шабуылдары туралы естісек, бұл олардың сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Егер сіздің жеке деректеріңіз басқа жерде пайдаланылған болса, онда деректеріңіз өзгенің қолында екенін түсінуге болады, – деді Щелцин.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Wi-Fi хакер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір