10 Маусым, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты.
– Өкінішке орай, облыстық соттың тоғыз судьясынан COVID-19 анықталды. Менің әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшаулануда. Вирус таралмас үшін Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды, облыстық соттың барлық қызметкерлері жеті күнге үй карантиніне алынды. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр, – деді Е. Әбдіқадыров.
Оның айтуынша, соттың барлық қызметкерлері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырған.
– Сот отырыстары қашықтан қаралып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілді. Сот ғимаратына баруға тыйым салынады, барлық хат-хабарлар тек электронды түрде қабылданады, – деп атап өтті сот төрағасы.
Еске сала кетейік, жоғарғы соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақасов коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында судьялар да барын желіде жариялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір