09 Маусым, 2020 NEWS
kaztag.kz
Екі полицейдің қазасына соқтырған блокбекеттегі жол көлік оқиғасына кінәлі Азат Азаматов көлік апатынан 4 күн бұрын ішкі істер органынан шығып кеткен, деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамыры аралығында патруль полициясында полк инспекторы болып істеген. Ішкі істер бөлімінен өз еркі бойынша кеткен.
Азаматов қызмет еткен жылдары қызметтік-әскери тәртіпті бұзғаны, жауапкершілікті сезінбегені үшін 4 ескерту алған.
Полиция департаментіндегілер жол-көлік оқиғасы кезінде ол мас күйінде болғанын растады. Сот-наркологиялық сараптама күдікті ағзасынан алкогольдік мастықтың орташа деңгейін анықтаған.
Күдікті 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір