• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:02:58
Алматы
+12°

16 Қыркүйек, 2013 NEWS

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің,

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың назарына!

14 қыркүйек әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де шетелден келген қазақ балаларына арналған дайындық факультетіне қабылдау емтиханы өтті.

Қазіргі қолда бар мәліметтерге сүйенсек, бұл сынаққа  250-ге жуық түлек  қатысқан. Олардың 30 пайызы яғни 80 талапкер Түркістандағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің тыңдаушысы атанбақ. Ал қалғандары Алматыда қалып, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дайындық факультетіне түсуді қалайды.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ диаспорасына арналған дайындық факультетінде білім алуға 2000 жылдардың басында жылына 1500-ге жуық қандасымыз құжат тапсыратын еді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш күрт төмендеген. Тіпті кей жылдары талапкерлер саны 200-ге де толмай қалды.

Бұл жағдай туралы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұстазы Жазира Тұманбайқызынан білуімізше, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден білім алғысы келетін түлектердің орынын Президент жарлығы бойынша оқуға келген Ауған студенттері басқан. Яғни соңғы 3 жылда ҚазҰУ-дің дайындық факультетіне  бөлінетін 150 гранттың басым бөлігін Ауған студенттері иеленді. Соның салдарынан еліміздің бас универистетінен оқығысы келетін қандастарымыз Алматыдан жырақ кетуге мәжбүр.  

–  Мен 2004 жылдан бері Дайындық факультетінде басшылық қызметте жұмыс жасап келемін. ҚазҰУ-ге шетелден келген студенттерді дайындауға 150 грант бөлінеді. Соңғы жылдары бұл гранттардың көп бөлігін Ауғанстаннан келген тыңдаушылар иеленуде. Президент жарлығы бойынша олар бізде оқуға міндетті. Дегенмен  қазақ диаспорасына бөлінетін 150 грант Ауған студенттерінен бөлек қарастырылса жөн болар еді, - дейді Жазира Тұмнабайқызы Молдағалиева.

Биыл бұл факультеттен оқуға Ауғанстаннан келген 174 түлек өтініш білдірген. Білім және ғылым министрлігі қарастырып отыған 150 грант олардың өзіне де аздық етіп отыр. Ал дәл осы орынға құжат тапсырып отырған 150-ге жуық қазақ баласын қайда апарамыз? Олардың ішінде шетелдің, мысалы, Қытай елінің білдей университеттерін тәрк етіп келіп отырған қаншама талантты балалар бар.

Емтихан тапсыруға келген бауырларымыздан сұрап білгенімізде, біреуі Қытайдың маңдай алды Пекин универистетінен бас тартып, "әль-Фарабиден" оқуды мақсат етіп келген, біреуі Алматыдан басқа қалада ешқандай туыс-туғаны жоқ. Бұл деген сөз оқуға талаптанып келген жас қазақтардың көп сандысы Алматыда қалып, білім алғысы келеді. Былайша көп те адам емес. 150 түлекке бір жылдық оқу грантын беру аса қиындық тудырмаса керек.

Ал олар  келер жылы қандай қалада, қандай университетте оқығысы келеді. Оны өзі, өзінің білімі шешеді. Қазіре бір жылдық оқыту мәселесін күрделілендірмей Білім және ғылым министрілі оңтайлы шешім қабылдағаны жөн.

Біләл Қуаныш

 

 

 

 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір