• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 01:25:46
Алматы
+35°

Денесі түгелдей қараға боялған ақ нәсілді ер адам наразылық шеруіне шыққандармен жанжалға барғаннан кейін қамауға алынды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың Торонто қаласындағы Натан Филлипс алаңында денесі қараға боялған адам бейбіт демонстрацияға кедергі келтірген.

"Бетін, шаштарын және қолдарын толықтай қараға бояған адам мен полиция арасында шиеленіс болған" деп жазды The New York Post. 

Басылым жариялаған видеода ер адамның "мен қалаған нәрсені істеуге ерікті болуым керек" деген айқайы естіледі.

– Мен сендерді қажет етпеймін. Менің дүниемнен кетіңдер, бұл сендердің жерлерің емес, – дейді боялған адам. Ал, оның қасында кетіп бара жатқандардың "сен жеңіліс табушысың" деген сөздері естіледі. 

Видеода боялған адамды бір топ офицерлер алып бара жатқаны көрсетілген.

– Ер адамды Торонто полициясы бейбіт шеруді бұзғаны үшін қамауға алды, – деп хабарлады Global News.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір