• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:51:46
Алматы
+12°
Биыл Алакөл жағалауындағы веложол мен автокөлік тұрағы, сондай-ақ сауда павильондарының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Инара Бодукова мәлім етті.
 
Инара Бодукованың айтуынша, алдағы уақытта көл жағалауында медициналық көмек көрсету және полиция пунктері салынады. Осы мақсатта жер телімі бөлініп, тиісті құжаттар әзірленген.
 
– Биыл Үржар, Абай, Глубкое, Катонқарағай аудандарындағы туристік орындарда 17 санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін дәретханалар салынады. Бұл жобаны іске асыру үшін тиісті қаражат қарастырылған, –  деді Инара Бодукова.
 
ШҚО ақпарат агенттігі
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алакөл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір