видеодан скриншот
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 325 аз қамтылған отбасы "Халық" қайырымдылық қорынан азық-түлік жиынтығын алды.
Жиынтық ұн, макарон өнімдері, сұйық май, бұқтырылған ет, күріш, шай және тәттілерден тұрады. Әрбір отбасы үшін 50 кг-нан үлестірілді.
Көмек Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұсынған тізімдері бойынша бөлінді.
Қордың бастамасын аудандық еріктілер қозғалысы қолдады. "Волонтерлер жылы" аясында олар азық-түлік жиынтығын әрбір мекен-жай бойынша жеткізіп беруге көмектесті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір