• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 04:32:44
Алматы
+12°

Шамшархан Өмірзақов атты Facebook қолданушысы Алматыда блокбекетте болған жол-көлік оқиғасына байланысты суреттерді  желіге жүктеп, жазба жариялады. 

– Өтірікті доғарыңдар. Оның (күдікті – ред.) полиция департаментіне қатысы жоқ дегені қалай? Оның әкесі де полицей, жақында ғана зейнетке шықты. Әкесінің есімі – Талғат, Алматы қалалық полиция департаментінде қызмет еткен. Неліктен ол жалаңаш болды? Мүмкін арнайы формасын әдейі шешіп қойған болар? Бұл жағдай неге дәл блокбекетте болды? "Сергек" жұмыс істеп тұрған жоқ па? Мүмкін оны BMW-дан формасымен алып шыққан шығар? Оның полицияда жұмыс істейтінін жасыру үшін істелген шығар. Суреттер таптым, қазір жүктеймін. Мінекей, жоғарыдан "Сергектен" түсірілген сурет. Бұл суретті қарғалар фотоаппаратқа түсіріп алды деп ойламаймын, – деп жазды Facebook қолданушысы.

Еске сала кетсек, 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Тағы бір полицейдің жағдайы ауыр.

Тағы оқыңыз!

♦ "Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығатын". Марқұм полицейдің әйелі пікір білдірді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір