• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 22:14:40
Алматы
+12°

23 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысында Семейдегі Халыққа қызмет көрсету орталығынан басқа орталықтардың бәрі жұмыс істей бастады. Бұл туралы орталықтың Telegram парақшасында хабарланды.

25 мамырдан бастап Алматыдағы барлық қызмет орталықтары жұмысын бастайды.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қызмет көрсету орталықтары толықтай жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласы мен Атырау облысында ХҚКО бизнеске өкілдері үшін ғана ашылған.

Жамбыл облысындағы орталықтар жұмыс істемейді.

ХҚКО-ға бармас бұрын ол жерден тек электронды түрде алу мүмкін емес «қағаз» түріндегі, сондай-ақ egov.kz порталында электронды түрде рәсімделген қызметті алуға болатынын ескеру керек.

Ол жерге бару үшін алдымен egov.kz порталы арқылы, eGovKzBot2.0 боты арқылы жазылып немесе 1414 нөміріне хабарласқан жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір