11 Мамыр, 2020 NEWS
inform.kz
Алматыдағы сән салондары мен білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты.
– Алматыда бүгіннен бастап сән салондары мен кейбір білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат берілді. Арнай белгіленген тәртіп бойынша ертеңнен бастап infoalmaty.kz сайтында арыздар қабылданады. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі жалғасады. Санитарлық талаптар сақталуы керек,– деді брифинг барысында Сапарбек Тұяқбаев.
Сондай-ақ, ол қаладағы саябақтарға қатысты талаптардың пысықталып жатқанын атап өтті. Олар кезең-кезеңімен ашылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір