09 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Англия ғалымдары коронавирус өткен жылы қазаннан бастап таралуы мүмкіндігін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі англиялық The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдардың пікірінше, коронавирустың таралуы қазан айынан басталған болуы мүмкін және сол айда Уханда өткен Дүниежүзілік Әскери Ойындарға қатысушылар вирустың әлемге таралуына себепші болған болуы ықтимал.
University College London және Reunion Island университетінің зерттеушілері бірлескен зерттеу жүргізген. Зерттеуде қаңтар айынан бастап әлем бойынша жиналған 7000-нан астам геномдар тізбегі сарапталды. Осы үлгілерден алынған вирустың мутациясын зерттеу нәтижесінде ғалымдар коронавирус адамдарға 6 қазан мен 11 желтоқсан аралығында жұқты деп санайды. Зерттеу нәтижелері алдағы уақытта ғылыми басылымда жарияланады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір