08 Мамыр, 2020 NEWS
kzvesti.kz
"Air Astana" әуекомпаниясы 12 мамырдан бастап Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қайтадан орындай бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"12 мамырдан Ақтөбе және Қызылордаға Алматыдан, ал 13 мамырдан Нұр-Сұлтаннан қатынайды. Сондай-ақ, 13 мамырдан Алматыдан, ал 14 мамырдан Нұр-Сұлтаннан Өскеменге рейстер орындалады", делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
"Рейстер Airbus A320/A321" және "Embraer E190-E2" ұшақтары арқылы орындалады. Басқа қалалардағы әуежайлар ашылғаннан кейін, осы қалаларға рейстер іске қосылады.
11 мамырда Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған қалаларына әуе қатынастары жанданады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір