07 Мамыр, 2020 NEWS
The Independent
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәлімдеуінше Индонезия жағалауындағы Банда теңізінде 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі 117 шақырым теңіз айдынында 73 миль тереңдікте болған.
АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) "алдын-ала магнитуда 6.8 бал болды, жер сілкінісі орталығы жақын маңдағы Саумлаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 205 шақырым жерде орналасқан" деп хабарлады.
Индонезиядағы цунами қызметін хабарлау орталығы "жер сілкінісі Үнді мұхиты аймағында цунами туғызбайды" деп мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір