04 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
4 мамырда "Журналистика және қоғамдық дипломатия: олар бір-біріне қалай қолдау көрсете алады?" тақырыбында онлайн кездесу өтті. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған вебинарға қазақстандық студенттер мен журналистер қатысты.
Кездесуде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер журналистерді өткен Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен құттықтап, БАҚ-тың қазіргі әлемдегі рөлі туралы ойымен бөлісті.
Жыл сайын 3 мамырда әлем Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Оның мақсаты – баспасөз бостандығының негізін қалаушы қағидаттарды еске алу, БАҚ тәуелсіздігіне қолсұғушылықтан қорғауға жәрдемдесу, әлемдегі баспасөз бостандығының жағдайын бағалау.
Онлайн кездесудің спикерлері – елшіліктің баспасөз хатшысы Шон Бода және БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесші Қарлығаш Жаманқұлова болды.
Вебинар аясында Шон Бода журналист тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп алмай, баспасөз қызметі өкілдерімен қалай байланыс орнату керегін, сондай-ақ, АҚШ елшілігіндегі журналистерді қолдау шаралары туралы айтып берді.
"Қазақстандағы АҚШ елшілігі журналистерді жан-жақты қолдауға тырысады. Менің ойымша, қоғамды дамытуға көмектесетін ортақ құндылықтарды бөлісу аса маңызды", – деді Шон Бода.
Айта кетейік, кездесуді Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Медиакоммуникация кафедрасы ұйымдастырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір