• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:36:17
Алматы
+12°

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобалары қабылданды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау – күн тәртібінің бірінші мәселесі болды. Жоғарғы палата басшысының ұсынысы бойынша Серік Сыдықов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып бекітілді.

Сондай-ақ сенаторлар Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын, сондай-ақ заңнамаға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге конституциялық құқығын жүзеге асыру.

Сенат қабылдаған заңдар қатарында "Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң бар. Сенат оны екі оқылымда қабылдады.

Заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар "оралман" мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растау қажет. Іс жүзінде, 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты, "оралман" мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауы негізгі критерийі ретінде енгізіледі.

Сонымен қатар, "оралман" сөзін "қандас" сөзіне ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір