29 Сәуір, 2020 Саясат
New York Post
Ұлыбританияның жақында ғана коронавирустан сауыққан премьер-министрі Борис Джонсонның қалыңдығы Кэрри Симондс таңертең Лондон ауруханасында босанды. Бұл туралы Қамшы тілшісі британияның The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министрдің өкілі сәрсенбіде ана мен баланың жағдайы «өте жақсы» екенін хабарлаған. Борис Джонсон мен қалыңдығы NHS перзентханасының командасына алғысын білдірген.
Айта кетейік, Ұлыбритания премьері коронавирустан сауығып, осы дүйсенбіден бастап жұмысқа кіріскен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір