25 Сәуір, 2020 Саясат
Daily Mail
Қытай Солтүстік Кореяға медициналық мамандарды қамтыған арнаулы топ жіберген. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайлық дәрігерлер мен шенеуніктердің бұл сапары Солтүстік Корея басшысының денсаулығы туралы түрлі хабарлар пайда болуымен тұспа-тұс келгенін жазады Reuters. Агенттік қытайлық команда сапарының Кимнің денсаулығына байланысты екенін бірден анықтай алмаған.
– Бейсенбіде Қытай Коммунистік партиясының Халықаралық Liaison департаментінің аға мүшесі бастаған делегация Бейжіңнен Солтүстік Кореяға кетті, – деген хабар келіп түскен. Liaison департаменті көршілес Солтүстік Кореямен жұмыс жасайтын негізгі Қытай органы.
Дереккөздер мәселенің сезімталдығын ескере отырып, толық ақпарат беруден бас тартқан.
Liaison байланыстар департаментіне жұма күні кешқұрым түсініктеме алу үшін Рейтерс хабарласа алмаған. Жұма күні кеште Қытайдың сыртқы істер министрлігі түсініктеме беру туралы өтінішке жауап бермеген.
Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын және оның басшылық орнына қарындасының келуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Британдық Daily Express газеті Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын хабарлаған. Ал, Сеулде жұмыс істейтін Daily NK веб-сайты осы аптаның басында Кимдің 12 сәуірде жүрек-қан тамырлары операциясынан кейін қалпына келгендігін хабарлаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір