• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:32:57
Алматы
+35°

Бразилия президенті Жаир Болсонаро коронавирус шектеулеріне наразылық білдірушілерге қосылып митингіге шықты. Президент ел астанасындағы армия штабының жанында митингіге шыққан бірнеше жүздеген жақтаушыларға қосылып, оларға үндеу жасаған.

Ол наразылық білдірушілерді жеке бас бостандығын қорғаған «патриот» деп атады.

Болсонаро соңғы апталарда шараларды «диктаторлық» деп айыптаған штат әкімшілерімен қақтығысып қалған.

Президент пен Конгресс, Жоғарғы соттың қарым-қатынасы шиеленісе түсуде. Бразилия президенті "Олар менің өкілеттіктігімді қысқартуға және тіпті мені құлатуға тырысады" деп мәлімдеді.

Болсонаро "бұғаттау шаралары экономикаға зиян келтіреді" және "шараларды жеңілдетіп, Бразилия шекараларын қайта ашу керек" деп есептейді.

Кейбір журналистер Бразилия президентінің жексенбідегі митингіде бетперде кимеген, тіпті, жөтелген фотоларын жариялап, сынаған.

Бразилияда індеттен 38000-нан астам расталған жағдай тіркелген. Бұл – Латын Америкасындағы ең көп көрсеткіш.

Онда 2400-ден астам коронавирустан көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір