• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 03:54:22
Алматы
+12°

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі ауданындағы дәрігер-инфекционистің шағымы бойынша аурухана басшыларының жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы zhambyl.gov.kz хабарлады. 

 

– Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарағандығы себеп болған, – деді Е.Жылқыбаев.

Жол берілген бұзушылықтар үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Шойбекова және бас есепші З. Мұқаева қызметінен босатылды.

Ержан Жылқыбаев тексеру материалдарына тиісті шараларды қабылдау және қарауды құқық қорғау органдарына тапсырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол жаңадан тағайындалған аурухананың бас дәрігері Райқұл Нұржановты таныстырып, оған орын алған заңбұзушылықтарды жою және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды қалпына келтіру сынды маңызды міндеттерді жүктеді.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда екенін жеткізді. Алдағы уақытта да оларды қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыстағы қауіпсіздік шараларын нығайту және материалдық қолдау үшін барлық мүмкіндіктер жасалатынын тілге тиек етті.

Е.Жылқыбаев дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың қандай да бір заңсыз іс-әрекеттерден қорқуына негіз жоқ, олар облыс басшылығының тікелей бақылауында болады деп сендірді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір