• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 08:45:58
Алматы
+12°

Қытайдың ірі ақпараттық ресурстары Sohu.com сайты мен WeChat жаңалықтары "Қазақстан Қытайдың территориясы болған, енді оны қашан қайтарып аламыз" деген мазмұнда ақпарат таратты.

"Қазақстан бұрын-соңды Қытай аумағының бір бөлігі болған. Цин әулеті кезінде Қазақстан вассальдық мемлекетке кірді. Ол кезде Қазақстан үш хандыққа бөлініп, олардың екеуі Цин империясының бақылауында болды. Қытайдың Қазақстанды кезең-кезеңмен қалай жаулап алғанына және қалай кезең-кезеңмен айырылып қалғанына назар аударайық. Алтын Орданың кезеңінде (шамамен XV ғасыр) Өзбек хандығы деген мемлекет болған, оның аумағы үлкен еді. Ішкі жанжалдардың салдарынан қағанаттың халқы қашып, ханнан кетіп, "Қазақ" деп аталатын жаңа ұлтқа айналды.

Кейінірек Қазақстан аумағы Алтын Ордадан бөлінді. Біртіндеп бұл қашқын адамдар жаңа нәсіл құрып, ел құрды. XVI ғасырда бұл ел үш кішкене мемлекетке бөлінді, олардың барлығы "Жүз" деп аталды. XVII ғасырда Орта Азияда қуатты режим көшпенділер, Жоңғар хандығы пайда болды. Кейіннен Ұлы жүз бен Кіші жүз Ресейге, ал Орта жүз Жоңғар хандығына тиесілі болды. "

1757 жылы Жоңғар хандығы жойылды. Сөйтіп, Ұлы жүз, Кіші жүз және Кіші жүз Цин империясының құрамына кірді. Цин династиясымен болған ұзақ соғыста жоңғар тым көп қырылып және оба тарап, Балқаш көлінің маңында біртіндеп жойылып кетті. Ал қазақтар біртіндеп Цин империясының территориясына кірді.

Ал, Қазақстан Қытай территориясын қалай шығып кетті? ХІХ ғасырдың апиын соғысынан кейін Цин империясы әлсірей бастады. Ресей Цин империясының жерін иемденуге мүмкіндік алды, сөйтіп Қазақстан Ресейге қосылды. Бірнеше рет тең емес аумақтық бөліністерден кейін Қытай бірден Қазақстаннан айырылды!".

Осылай деп жазған Қытайдың жетекші басылымдары мақала соңын Қытайдың Қазақстанға құйған инвестициясын атап өтті.

"Қазіргі уақытта Қытайдың Қазақстанға көрсеткен көмегі өте үлкен. Қазақстанға салынған инвестиция 23 млрд АҚШ долларынан асады. Темір жол сияқты маңызды салаларда, көптеген ірі жобалық құрылыстарда Қазақстанға көмек беріп, Қазақстанға үлкен қаражат салды" делінген сайтта.

Мақалада Қазақстандағы қытайлар жайында да жазылған. Бірақ нақты ақпаратты қайдан алғаны айтылмайды.

"Бір кездері статистика бойынша Қазақстандағы қытайлардың саны 400 000-ға жуық болды. Бұл этникалық қытайлар Қазақстандағы түрлі салаларда белсенді. Сонымен қатар, Қазақстандағы шағын қалаларда ауыл тұрғындары Ли Байдың (Таң династиясы кезіндегі қытай ақыны) ұрпақтары екендерін алға тартты. Ал кейбір адамдар өздерін Хань (қытай) ұлтының ұрпақтары деп айтады. Олар өз жерлерін Қытайға қайтаруға үміттенетіндерін айтты" деп жазылған.

f

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай баспасөзі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір