• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 04:15:04
Алматы
+12°

Nur Otan партиясының баспасөз қызмет комиссия коронавирус инфекциясын жұқтырған қызметкер Толқынай Ордабаева жұмыс істейтін Жамбыл облысындағы аудандық ауруханада заңбұзушылық барын анықтағанын хабарлады.

"Әлеуметтік желіде жарияланған үндеуден кейін келесі ақпарат анықталды. Инфекционист-дәрігер Толқынай Ордабаева жеке парақшасында Жамбыл облысы Мерке ауданындағы ауруханада басшылық тарапынан заңбұзушылық болғанын жазған. Аталған жазба бойынша Партиялық бақылау комиссиясы тексеріс жүргізді, аталған деректер расталды. Мерке аудандық аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлерін масканы өздері тігуді талап еткен. Сондай-ақ жұмыста маскалар мен қорғаныш құралдары берілмеген. Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының Толқынай Ордабаева атты инфекционист дәрігері қызмет барысында  коронавирус жұқтырғанын, қазір Тараздағы инфекциялық стационарда жатқанын жазған. Дәрігер "аудандық аурухана басшылығы медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеді" деп шағымданған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Меркілік дәрігер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір