24 Наурыз, 2020 NEWS
polisia.kz
Төтенше жағдай тәртібінде көкпар ұйымдастырған Алматы облысының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
– Қазіргі уақытта ұлттық ойынды ұйымдастырған азамат анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Құқық бұзушы қазіргі төтенше жағдайдың ауқымы мен маңызын сезінбегені анық. Оның сөзінше, ол көкпарды “Наурыз мерекесіне” орай ұйымдастырған. Елімізде төтенше жағдай жарияланғанын біле тұра, ол қоғамдық шараға ұйытқы болған. Сонымен қатар, ұлттық ойын елдімекендегі жолдың бойында ұйымдастырылған, яғни ол заңнама талаптарын өрескел бұзған, – деді Қарасай АПБ басшысы Асхат Данияр.
Аталған оқиға бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының "Төтенше жағдай тәртібін бұзу" дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін іс ауданаралық сотқа жолданды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір