• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:22:39
Алматы
+12°

"Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алып сатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді  саламыз және ол үшін тиісті құқықтармен құралдар жеткілікті". Бұны ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде айтты.

Оның сөзінше, төтенше жағдай кезінде үкімет азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлығы тұрақтандырылған. 

– Төтенше жағдай режимінде ел болып, ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуіге тиіспіз. Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түліктің шекті бағасын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюына мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын құқықтары бар, – деді ол. 

Сонымен қатар, ол азаматтардың өмірі мен денсауылғын қорғау мақсатында сауда нысандарына, қызметтеріне уақытша шектеу енгізілгенін атап өтті. 

– Сауда орындарында адамдардың көптеп жиналуына шектеулер қойылды. Яғни халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету шараларымен қатар қауіпті вирусты таратпау шарасы да қолға алынып отыр. Ірі гипермаркеттер, базарлар мен басқа да сауда орындары жұмыс істейді, алайда бірқатар ережелерді сақтаулары керек. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрімен бірге бұл нысандарды залалсыздандыру бойынша жиын өткіздік. Басты мәселе дүкендерде кезектің орын алуын болдырмау, – деді министр. 

Министр, сондай-ақ ірі сауда орындарына халық бетпердемен кіргізілетінін, егер болмаса сол жерде берілетінін жеткізді. 

– Ірі сауда орындары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл сауда орындарының барлығында санитарлық норма сақталуы керек, – деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір