11 Наурыз, 2020 NEWS
today.kz
Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қазақ-дүнген жанжалынан кейін бес адам ұсталды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді.
– Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп, – деді Дембаев.
Оның айтуынша, күдіктілердің бәрі ұсталған жоқ.
– Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады, – деді бас прокурордың орынбасары.
Бұған дейін, ішкі істер министрлігі кейбір жергілікті билік органдарына Жамбыл облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен астам қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір