05 Наурыз, 2020 NEWS
informburo.kz
Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар елшіліктен оларды отандарына қайтаруды сұрады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев брифингте айтты.
– Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар елшілікке хабарласып, елге қайта оралғысы келетіндерін айтқан. Эвакуация мәселесі шұғыл қызметті қажет етіп отырған жоқ. Рейстер апта сайын орындалады. Елімізде кең корпусты ұшақтар бар, біз Сеулден 700 жолаушыны елге жеткізе аламыз, – деді Берік Камалиев.
Сонымен қатар, ЕАЭО азаматтарының біреуі қазақстандық рейстерге отыруды сұраса, кейбірі олардан бас тартатынын атап айтты.
Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда 34 мыңға жуық қазақстандық бар.
1 наурыздан бастап Кореядан қатынайтын рейстер саны аптасына тоғыздан үш рейске қысқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір