Халықаралық сыйлықты Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстаған.
"Сайрагүл Сауытбайға бас иеміз. Ол бұрын дәрігер болған. Ол шындықты айтқаны үшін отбасынан ажырап, қамалып, қысым көрді, өлім жазасына кесілуі де мүмкін еді. Ол – Қытайдың Коммунистік партиясының Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы қысымы жайлы ашық айтқандардың бірі. Сайрагүл Сауытбай қорықпай Шыңжаң лагерьлері туралы ақпараттарды айтты және қазір де лагерьде қамалып шыққандар мен олардың туыстарына қамауда көргендерін ашық айтуға жігерлендіріп жүр" деді Помпео салтанатты марапаттау сәтінде .
Белгілі болғандай, марапаттау сайын АҚШ мемлекеттік департаменті бұл сыйлықты бейбітшілік, әділдік, адам құқығы, гендерлік теңдік, әйелдер құқығы үшін күресіп, өз өмірлерін қауіпке тіккен әйелдерге беретіні айтылып келеді.
Алайда, Помпеоның пікіріне байланысты Қазақстан қоғамындағы жұрт пікірі екіге жарылуда. Бір тарап, бұл мәлімдемені АҚШ-тың Қытайға ұстанған саясатының "көрінісі", әрі Сайрагүлді Қазақстанға алып қала алмаған Қазақстан үкіметіне "ескерту" десе, енді бір тарап Сайрагүлдің батырлығын айтып, бұл сыйлықтың астарынан саясат іздемеу керектігін айтуда.
Пікір қалдыру
пікір