• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:32:51
Алматы
+12°

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда 248 Қытай азаматының карантинге алынғанын айтты. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте хабарлады. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 6 қаңтардан 1 наурызға дейін Қытайдан мемлекеттік шекара бекеттері арқылы Қазақстанға 32 456 азамат келген. 

– Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер. 2020 жылдың 20 ақпан - 4 наурыз аралығында Қытайдан келген барлығы 315 адам оқшауланды. Олардың 64-і - Қазақстан азаматы. 251 шетелдік бар, олардың 248-і - Қытай азаматы. Ираннан 24 адам келді. Олардың 9-ы - қазақстандық, 15-і - Ираннан келген, - деді Ахметшәріп.

Брифингте коронавирус күдігімен 63 адам тексерістен өткені, олардан ешқандай да вирустың белгілері табылмағаны аталып өтілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір