• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:07:27
Алматы
+12°

Алматы облысының жолдарында рұқсатсыз көкпар ұйымдастырып ойнаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында көкпар ұлттық ойыны өткендігі анықталды. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғаны белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгенін атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бетінде кеңінен тараған болатын. Бейне түсірілімнен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округінде 20-25 адам рұқсатсыз “Көкпар” ойынын ұйымдастырғанын көруге болады.

Ойынды ұйымдастырғандар 1998, 1997, 2000, 1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары. Олар ҚР әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің  434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір