• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:51:32
Алматы
+12°

10 жылдан астам түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шығатын болды. Бүгін, 3 наурызда Семей қалалық №2 соты шығарған шешімге сәйкес, Жәкішев "пробациялық бақылауға алынады, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды". 

56 жастағы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталып, "Венада (Австрия) "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген" деген айыппен 14 жылға сотталған. Түрмеде отырған кезде үшінші топ мүгедектігін алған Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жәкішевті "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан. Құқық қорғаушылар "Жәкішев елден қашқан Мұхтар Әблязовпен (бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы) араласқаны үшін қысымға ұшырады" деп санайды. Ал Қазақстан билігі елде "саяси тұтқындар жоқ" деп есептейді.

Бұған дейін оның мерзімінен ерте босату туралы өтініштері қанағаттандырылмаған. Өткен жылдың өзінде Жәкішев ісі бойынша үш рет апелациялық сот өтіп, оның жазасы өзгеріссіз қалған еді. Сот "Жәкішев мемлекетке келтірген 99,6 миллиард теңге көлемінде шығынды өтемеді" деген болатын. 

Қазақстанда соңғы жылдары Мұхтар Жәкішевті бостандыққа шығаруды талап еткен акциялар жиіледі. Оған қатысқандар Жәкішевтің "саяси тұтқын" екенін айтып, билік оны заңсыз ұстап отыр деп есептейді. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жәкішев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір