23 Ақпан, 2020 NEWS
azattyq-ruhy
Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
– Оқу орындарының кейбір басшылары "менің мектебім", "менің ұстаздарым", "менің шәкірттерім" деген сияқты тіркестерді қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп – мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы болуы тиіс, – деді Сапарбаев.
Әкім білім беру ұйымдарындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталды.
– Директор жұмысқа орналастырғаны үшін мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім кейін өз ақшасын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол мектептерде ата-аналар комитетінің іс жүзінде жұмыс істемейтінін айтып, педагогтар инертті ұстанымға ие деді. Яғни, бала тәртіп бұзған жағдайда ата-аналарға шағымдана алмайтынын атап өтті. Бірақ облыстық ата-аналар комитетінің жетекшісі Эльмира Мырза-Ғали әртүрлі рейдтер бойынша аудандарды аралап шыққандарын жеткізуге тырысқанымен, аймақ басшысы нәтижесіз жұмыстың ешкімге керек еместігін ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір