• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 13:41:43
Алматы
+12°

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов шаруа қожалықтардың атына тіркелген 72,4 млн га жайылым жердің жартысына жуығы ғана игеріліп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Президенттің тапсырмасы бойынша өңірлерде пайдаланылмай жатқан жайылымдық жердің көлемдері анықталып жатыр. 2019 жылдың қараша айында министрлік ауыл тұрғындарына арналған мен ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың атына тіркелген жайылым жерлерге жіті талдау жұмыстарын аяқтаған еді. Аудандар мен ауылдық округтердегі жайылымға түсетін нормативті жүктемелер мал санымен салыстыра есептелді, – деді Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде.

Талдау жұмыстары көрсеткендей, бүкіл облыстағы қарапайым халық үшін, әсіресе оңтүстіктегі өңірлерде жайылым жердің жетіспейтіні анықталып отыр. Оның үстіне қазіргі шаруа қожалықтардың атына тіркелген 72,4 млн га аумақтың жартысына жуығы мал басының жеткілікті санымен қамтылмаған.

– Осыған байланысты министрлік халыққа жайылым жерді бөлу бойынша облыс әкімдерінің атына тиісті хаттарды жолдады. Нәтиже де бар. Жыл басынан бері мемлекеттің меншігіне 1,8 млн га жайылым жер қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, – деді вице-министр.

Сонымен қатар 2019 жылы АШМ жер ресурстарын басқару бойынша комитет жер заңнамасының сақталуын қадағалау жұмыстары аясында сот арқылы мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан 1,2 млн га жерді, 37 мың га егіндік алқабын, 1163 мың га жайылым жерді қайтарған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жайылымдық жерлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір