• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:19:33
Алматы
+12°

Бүгін, 21 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы "Әзірет-Сұлтан" мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорданың жазуынша, Тоқаев бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Президент пен мүфтидің кездесуінде елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

– Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет, – деді президент.

Бас мүфти президентке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастыру жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір