20 Ақпан, 2020 NEWS
видеодан алынды
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының 100-ге жуық тұрғыны Қытаймен шекараны жабуды талап етіп, наразылық акциясына шықты.
Кеше әлеуметтік желіде "ШҚО-дағы шекара бекетінен Қытайдан адам мен тауар өткізілді" деген ақпарат тараған. Кейін сол күні аудан тұрғындары жиналып шекараны жабуды талап еткен.
Бүгін Зайсанның Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында наразылыққа шыққан халықты басуға облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер келген. Дегенмен аудан халқы түсіндіру жұмыстары болмағанын айтып, сенімсіздік білдіріп, шекарадан белгісіз азаматтардың өткенін айтқан.
Облыс әкімі тұрғындардан 42 Қытай азаматын өз елдеріне жіберу үшін 3 күн уақыт беруді сұрады.
Ал облыстың денсаулық сақтау басқармасы Қытайдан келгенден қазақстандықтар екенін және оларда ешқандай ауру белгілері жоқ екенін хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір