• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:05:40
Алматы
+12°

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің рингке оралу мерзімі тағы да шегертілді. ESPN хабарлауынша, бұған боксшының тізесінен төмен алған жарақаты себеп болған. Бұл туралы vesti.kz мәлімдеме жасады.

Осыған орай Головкин және оның командасы IBF-ке титулды қорғауды кейінге қалдыруға өтініш білдірген. 

Деректерге сүйенсек, Головкиннің Польшалық Камил Шереметамен өтетін жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларында болуы мүмкін.

Головкиннің рингке оралуы ақпан айына жоспарланған еді. Алайда бұл жоспар наурыз айына шегерілді. Бұдан кейін 11 сәуірге белгіленген. Жекпе-жек АҚШ-тың Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Жекпе-жекті Қазақстанда өткізу мүмкіндігі де қарастырылуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Геннадий Головкин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір