17 Ақпан, 2020 NEWS
azattyq-ruhy.kz
Нұрс-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есіловке және оған пара берген кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Пара берген қылмыскер мен экс-әкім жасаған қылмыстары үшін өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Сот отырысы барысында прокурор айыптылар А.С.Есіловке - 15 450 000 теңге және С.С.Нұртазинге – 7 725 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
– 2020 жылғы 17 ақпандағы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының бұрынғы әкімі А.С.Есілов 515 000 теңге тұратын "iPhone" ұялы телефонды пара ретінде алғаны және футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін (ҚК-тің 366 бабының 2-бөлігі), ал кәсіпкер С.С.Нұртазин пара бергендігі үшін (ҚК-тің 367 бабының 2-бөлігі) кәнілі деп танылды, – делінген хабарламада.
Егер де қылмыскерлер айыппұлды төлеуден бас тартқан жағдайда, оларға бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Сондай-ақ екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір