• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:32:17
Алматы
+12°

Демократиялық партияның Жаңаөзен қаласындағы белсендісі Мұрат Жұмағазиевтің көлігін белгісіз адамдар өртеп кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Партия жетекшісі Жанболат Мамай да өңірдегі белсенділерге қысым жасалып жатқанын өзінің facebook парақшасы арқылы хабарлады. 

Жанболат Мамай Мұратбай Жұмағазиев Демократиялық партияның бастамашыл тобы мүшелерінің съезіне сапарын ұйымдастырғанын жазған. 

"Бүгін түнгі сағат 01:00-де белгісіз біреу Жаңаөзен қаласынан жаңадан құрылған Демократиялық партияның белсендісі Мұратбай Жұмағалиевтің көлігін өртеді. Бұған дейін ол өзін белгісіз адамдардың аңдып жүргенін хабарлаған. Тіпті өзін аңдып жүрген полиция қызметкерлерінің көлігін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Оның айтуынша, бұл оқиғаның артында үкімет тұр. Билік 22 ақпанда Алматыда болатын Демократиялық партияның алдағы съезіне қатысуға кедергі жасады", - деп жазды Жанболат Мамай. 

"Құрметті қазақстандықтар, біз кешеден бері Демократиялық партияның 22 ақпанда өтетін съезіне дайындалып жатқан едік. Біз – Жаңаөзен қаласындағы белсенділерміз. Бүгін түнде менің көлігімді өртеп кетті. Шірік жүйенің ісі деп білемін. Үкіметіміздің сый-құрметі осы болды. Жаңаөзендегі белсенділердің бәріне қысым жасалып жатыр. Ең соңында күштері жетпеген соң осындай іс-әркетке көшті. Масқара!", - деді Мұратбай Жұмағазиев. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір