• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:16:40
Алматы
+12°

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев facebook-тегі парақшасында Қордайдағы қазақ-дүнген жанжалы туралы пікір білдіріп, мұндай этносаралық қақтығыстарды шешудің жолын ұсынды.

"Қордайдағы қазақ-дұңған жанжалы еліміздегі ұлтаралық саясатта жіберілген қателіктердің кезекті бір көрінісі. Бұл – басынушылық! Бұл менсінбеушілік! Бізге не істей қояды деген еркінсушілік! Қазір қанымыз қызып отыр. Енді ұлтаралық саясатта күрделі өзгерістер болмаса, билік бұл бағытта бұрынғы көз жұмушылығын жалғастыра беретін болса қазақ халқы бұл жерге кім ие екендігін өзі дәлелдеуге мәжбүр.

Қазақ жеріне тағдырдың түрлі жағдайымен келген түрлі ұлт өкілдері мен жергілікті ұлт – қазақтардың арасында соңғы жиырмашақты жылда ондаған қақтығыстар орын алды. Қазақ-түрік, қазақ-тәжік, қазақ-ұйғыр, қазақ-чешен, т.б. Осының басты себебі – мемлекет құраушы қазақ халқының құқығы еш жерде қорғалмауында. Кез келген осындай жайттарда қазақтарды жығып беру әдетке айналған. Содан барып келімсектер қазақтарды басынады. Ал қазақтар өз құқығын өзі жұдырықпен қорғауға мәжбүр.

Мұны тоқтатудың жолы қандай?

Мұны тоқтатудың жолы – қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екендігін Конституция арқылы мойындау және басқаларға мойындату. Қазақстанда тұратын диаспоралар тағдырын қазақ мемлекеттілігі мен мемлекеттік тілге негізделген заңдық тәртібі ғана шешуге тиіс!

Қазақ елінің заңы мен тәртібін мойындамаған ұлт диаспораларының өкілдерін азаматтықтан шығарып, Қазақстаннан 24 сағатта қуу қажет!" делінген журналист жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір