06 Ақпан, 2020 NEWS
24.kz
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді, деп хабарлайды 24.kz.
Ахметжановтың айтуынша, қазір айыпталушы Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген.
Осы процесс аяқталған соң бас прокуратура өкілдері оны елге қайтарып алу мәселесімен айналысады. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға мүмкін болады. Егер елге қайтып, рақымшылық науқаны өткізілсе, істі болған қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін.
Қазақстандық тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр.
Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әр түрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер толық бар, – деді Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір