• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:56:16
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2020 NEWS

Абайдың 175 жылдығын тойлауға бөлінген қаражат қысқаратыны айтылды

Үкіметтегі қаржылық қысқарту амалының бір ұшы һәкім тойына бөлінген қаражатқа тиді. Дәлірек айтқанда, Мәдениет министрі Абайдың 175 жылдығын тойлауға бөлінген қаражат қысқаратыны айтып отыр

Кескін: egemen.kz

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz. дерегін негізге алып.
 
Мұндай пікірді мәдениет министрі журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жеткізген. 

"Абайдың 175 жылдығын тойлауға нақты қаражат бөлінген болатын. Оған білім саласында өтетін шараларға Білім және ғылым министрлігінің қаражаты жұмсалады, Ақпарат және қоғамдық даму, жергілікті атқарушы органдардың және де міндетті түрде Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты жұмсалады. Қазіргі уақытта бюджетті қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді мәдениет министрі.

Оқи отырыңыз: Абайдың мерейтойы шетелдік сарапшылар көмегінсіз ұйымдастырылады


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір